7.08.2020, 11:28
Оқылды: 70

Қайырымдылық – қайырлы іс

Ағайынды Ахметовтер жомарттық танытты

Ханордалық Ерболат Ахметовтен тараған төртеудің алды Елордада табыс көзін тапқан кәсіпкер болса, ауылдағысы да шаруасын шыр айналдырған шаруа қожалығының иесі. Осы ағайындылар ел басына күн туған осы бір шақта ауылдастарына үлкен қолдау білдіріп, қайырымдылық танытуда.

40EEE88D-D969-45D6-AD82-8E22FBA49892

Ағайынды Ахметовтер Хан ордасы ауылдық амбулаториясына оттегі концентраторы мен пульсоксиметр құралын алып берді. Ахметовтердің қайырымдылығы тек мұнымен шектелмеді. Амбулаторияның дәрі-дәрмегінің қорын еселеп берді. Індетке шалдыққандардың дертіне шипа боларлық таптырмас дәрілерді жеткізіпті.

Ағайындылардың адамгершіліктеріне ауылдастары дән риза.

 "SHAPI" дәрігерлерге түсінік берді

Сайқындық кәсіпкерлер "Абзал жандар ауырмасын" акциясын бірауыздан қолдады.

"Shapi" кафесінің иесі жеке кәсіпкер Анаргүл Дәулетова сайқындық волонтер жастардың аудандық аурухананың провизорлық бөліміне ыстық тамақ пен сусындар жолдады.

 «Нұр» ақ халаттыларға ақ ұсынды

"Nur Otan" партиясының "Абзал жандар ауырмасын" акциясы аясында Мұратсай бастауыш партия ұйымы ұйымдастыруымен Мұратсай ауылдық "Нұр" жеке кәсіпкер жетекшісі Жайсаңбек Даулетов Мұратсай медицина қызметкерлеріне қымыз және сүт өнімдерін ұсынып, пандемия кезінде ауылдастары үшін жасап жатқан қызметтеріне алғысын білдіріп, дендеріне саулық тіледі.

Бұдан басқа ауылдық округ әкімшілігі мен мектеп ұжымы бірігіп, 500 дана маска тігіп, тегін таратты.

Ұлпан Әнуарқызы,

Бөкей ордасы ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале