1.08.2017, 11:25
Оқылды: 22

Қайырымдылық шарасында 700 мыңдай қаражат жиналды

21 маусым күні Қазталов ауданында жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Жүрекке жылу сыйлаған мейірімділік" атты қайырымдылық кеші өткен болатын.


13 округте өткен қайырымдылық шарасында 700 мыңдай қаражат жиналып, ол қаражат қайырымдылық кешінің әр округтердегі кейіпкерлеріне табысталды.

Міне, осындай істің басында болған жастар ресурстық орталығының кеңесші мамандары  Дәурен Батырғалиев, Аман Қабошев, Аян Каримоллин, Ару Мұстажапова, Нұрсұлтан Бекманов, Жәдігер Мұқашев,  Әлімжан Шангереев, Салтанат Басерова, Ерхат Бекмолдин, Қайрат Науханов, Нұрлыбай Ердосбай өздерінің жаңалыққа құмар бастамаларын көрсетумен қатар, бойларындағы таланттарын да паш етті. Бұл басқа жастарға да үлгі болғандай...

Ал осы аға-апаларымен бірге болып, өнерін көрсеткен мектеп оқушысы Асылжан Хайредденов мүмкіндігі шектеулі құрдастарына кішкентай жүрегімен жылу сыйлағанын көрген жұртшылық көздеріне еріксіз жас алды.

 

Әсем БОЛАТ,

Қазталов ауданы 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале