26.12.2016, 17:52
Оқылды: 19

Қайырымдылық жасады

?

Шартты сотталғандар мен темір тордың ар жағынан босап шыққандарды қоғамға бейімдеп, қайта қылмыс жасауына жол бермес үшін Зеленов ауданы Переметный ауылдық округі әкімдігі мен аудандық №1 пробация қызметінің мамандары бірігіп, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Аудан орталығында тұрып жатырған жалғызбасты қариялар мен кейуаналарға көмек көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға жауапқа тартылған жандар жұмылдырылып, қариялар мен ақ жаулықты аналар ауласындағы қарын аршып, отындарын жарып берді. Бірнеше адамға көмек қолын созған жандар болашақта да осындай қайырымдылық шараларына қатысып тұратындықтарын айтады.

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале