18.04.2018, 10:12
Оқылды: 81

Қаламқас Орашеваға арналған қыз келіншектер арасындағы термеші-жыршылар байқауының жеңімпазы анықталды (ФОТО)

Бас жүлде -Әмина Ғайнеденова, БҚО, ОралАқжайық ауданында Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, әнші-термеші Қаламқас Орашеваға арналған «Көмейінде күміс жыр» атты ІV республикалық қыз келіншектер арасындағы термеші-жыршылар байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты - Қаламқас Орашеваның есімін мәңгі есте сақтау, әнші-термешінің үнтаспада жазып қалдырған Нұрпейіс атасының «Нарқыз», «Төрехан», ұстазы Ғарифолла Құрманғалиевтың әндерін, бабалары Махамбет пен Базар жыраудың толғау-термелерін ұрпақтан-ұрпаққа насихаттау, жыршылық-термешілік өнері арқылы кейінгі ұрпаққа ана тілін, дәстүр мен тарихты, өнерді сақтаудың өнегесін ашып, өнер әлемінде жаңа жырау-термешілердің есімін ашу.

Термеші-жыршылар байқауының жүлдегерлер есімі былайша өрбіді

Қаламқас Орашева атындағы Бас жүлде (500 000тг.) – Әмина Ғайнеденова, БҚО, Орал.

І орын (350 000тг.) – Зүлфия Баймурзиева, Қызылорда облысы.

ІІ орын (200 000тг.) – Жанар Нұрмұханова, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы.

ІІІ орын (100 000тг.) – Ақмарал Кемелханова, БҚО, Орал.

Нұрбек ИХСАННЫҢ фотохабары

Ақжайық ауданы

І орын - Зүлфия Баймурзиева, Қызылорда облысы ІІ орын - Жанар Нұрмұханова, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы ІІІ орын -Ақмарал Кемелханова, БҚО, Орал.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале