3.04.2018, 14:10
Оқылды: 103

Қалдығайты өзенінің су деңгейі көтерілді (ФОТОРЕПОРТАЖ)

Жайықтың шығыс алқабындағы Қалдығайты өзенінің ұзындығы 243 шақырымды құраса, су жиналатын алқабы 5,8 мың шаршы шақырымға дейін созылады. Басын Алмастаудың оңтүстік батысынан алып, Төлен көліне құятын осы бір өзеннің көктем мезгілдерінде оқтын-оқтын мінез көрсетіп қоятыны бар.

 Кеше сағат 16:35-те Қаратөбе ауданында аудандық маңызы бар Қаратөбе-Қарақамыс жолының 3-шақырымында қатты еріген қар суы жолдың үстіне шығып кетті. Судың ені 20 метр, тереңдігі 20-30 см болған.

Су қаупінің алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен бірлескен іс-қимыл нәтижесінде 40 қызметкер мен 5 техниканың көмегімен инертті материалдары бар 1800 қап төселді.

Бұл жолдан басқа айналма жол да бар, ол жақын елді мекендермен қарым-қатынасты үзбеуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде аталмыш жолға кезекшілік қойылған.

1Бүгінгі таңда су тасқынының алдын алу мақсатында «төтеншіліктер» уақытпен санаспай жұмыс жасауда.

Сонымен қатар бұл жұмыстарға аудан орталығындағы барлық мекемелердің ер азаматтары, еріктілер жұмылдырылды, - дейді аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнің басшысы Нұрбол Нысанов.

Айта кету керек, бүгінгі таңда Қаракөл, Аққозы, Саралжын ауылдық округінің тұрғындары аудан іргесіндегі Қалдығайты өзені бойындағы жаяу көпір арқылы өтуде.

Аудан мен аталмыш ауылдық округтердегі жол қатынасы байланысы үзілген жоқ. Жолаушы тасымалдаушы көліктер өзеннің арғы және бергі бетінде уақытылы қатынауда.

 Ертай БИМҰХАНОВ,

Қаратөбе ауданы

 Суреттерді түсірген Маралбек АМАНТАЕВ

2 3 4 5 7 8 9 10 11

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале