7.02.2018, 11:19
Оқылды: 88

«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтуде

Ақжайық ауданында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтуде.

Мысалы, жеке кәсіпкер Қайыржан Қабашев 10 оқушыны 1 ай бойы тегін ыстық тамақпен қамтуды жүзеге асырды. Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Айгүл Байекеева, дефектолог Венера Шынғалиева, психолог Жанна Мұхсинова мүмкіндігі шектеулі 12 балаға оқу құралдарын тапсырды.

Мұғалімдер, жеке кәсіпкерлер балалардың шаттығы үшін аянбауда. Айталық, Мейізгүл Мырзағалиева, Салтанат Қалашева, Ерлан Арыстангалиев, Әділбек Досқалиев, Бейімбет Олжекеев, Жаңыл Қожахметова, Бибігүл Түрікбенова, Айымгүл Тәженова сынды сынып жетекшілері әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар балалаларына оқу құралдарын алып берді. Бүгінге дейін 40 балаға көмек көрсетілді,-дейді әлеуметтік педагог Анаргүл Қазиева.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале