15.10.2018, 15:23
Оқылды: 116

Қамыстыда Мәншүк Мәметоваға кеуде мүсін қойылды

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Жәнібек ауданы Қамысты ауылдық округінде Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметоваға арнап кеуде мүсін орнатылды.

IMG_0013

          Алты алашқа ортақ М.Мәметованың кеуде мүсінін Қамысты ауылының тұрғындары, осындағы кәсіпкерлер, шаруа қожалық басшылары қаражат жинап, өз күштерімен тұрғызды.

          Салтанатты шарада сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жақсылық Абдолов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев, еңбек ардагері Ғабдрахман Әбілкәрімов барша жиналған қауымды қуаныштарымен құттықтады. Батырдың кеуде мүсініне гүл шоғы қойылып, бір минут үнсіздік жарияланды. Бұдан соң жиналған қауым мәдениет үйіне бет алды. Онда меймандар ауылдың кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған «Мәңгілікке маздаған қыршын ғұмыр»атты көрмені тамашалап, М.Мәметоваға арналған музейдің ашылу салтанатының куәсі болды.

         Ауыл шетіне киіз үйлер тігіліп, аламан бәйге, тай жарыс, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, қазақша күрес сынды ұлттық ойындар, қой көтеру және жаяу жарыстар өтіп, қонақтар мен ауыл тұрғындары қызыға тамашалады.     Дала қызықтарына Бөкей Орда мен Қазталов аудандарынан шабандоздар келіп, өнерлерін көрсетті. Сонымен аударыспақтан Мирас Берікбаев І, Асланбек Төлегенов ІІ, Әлижан Мамаев ІІІ (үшеуі де Жәнібек ауданы )ие болды.

         Қыз қуудан бірінші орын қамыстылық Бақытгүл Тоқабаева мен жәнібектік Әлижан Мамаевқа бұйырды. Ал көкпардың серкесі жәнібектіктердің қоржынына түсті. Жаяу жарыстың қорытындысы бойынша бірінші орынды Елдос Әліпқалиев (Ақоба), екінші орынды Орынбек Рүстемов және үшінші орынды Алидар Рақымғалиев (екеуі де Қамысты) алды. Тай жарыс және аламан бәйгенің бас жүлдесі жәнібектік Саят Өтемісов пен бөкейордалық Архат Нұрболатовқа бұйырды. Қазақша күрестен бірінші орынды Мейрамбек Досжанов (Жәнібек) алды. Сондай-ақ қойды 120 рет көтерген Ерген Ақышев (Қамысты) бас жүлдеге ие болды.

Гүлзара Төреғалиева,

Жәнібек ауданы,

zhaikpress.kz

IMG_0019 IMG_0049

IMG_0088 IMG_0164

IMG_0050

IMG_0058

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале