12.03.2018, 11:31
Оқылды: 25

Қар құрсауынан құтқарылды

Ақжайық ауданында төтенше жағдайлар бөлімі мен №6 жедел құтқару жасағы үшін 8 наурызда кешке қарай аса қарбалас болды.

Ауданның Көнеккеткен ауылдық округінің «Ақтөбе» қыстағы маңында сай-салада 5 жеңіл машина тоқтап қалғаны жөнінде хабар түскен соң олар бульдозерлі тракторды алып, «УАЗ» көлігімен шықты. Аталған қыстақ Орал-Индер көтерме жолына таяу, Жайықтың сол жағалауында. Әлгі 5 көліктің бәрі, олардың арасында көршілес Жаңақала ауданының тұрғындары мінген автомобильдер бар, мұз үстімен оң жағалауға, яғни Чапаевқа өтуі керек екен.

- Сағат 18-21 аралығында көліктер қар құрсауынан құтқарылды. Бұларда 17 кісі, олардың арасында 4 бала болды,- дейді №6 жедел құтқару жасағының жетекшісі Марат Қабақаев.

Бекем БЕКҰЛЫ

Ақжайық ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале