15.01.2021, 17:12
Оқылды: 179

Қарағаш ауылында округ әкімінің есебі тыңдалды

Шыңғырлау ауданында ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есеп беру жиындары басталды. Қаңтардың 13-інде шағын елді мекендерде басталған есептік кездесулер кеше Қарағаш ауылдық округінің орталығында жалғасты.

 IMG_0811

Есептік кездесу басталмас бұрын Қарағаш ауылының тұрғындары және аудан орталығынан барған аудан әкімі мен мекеме, бөлім басшылары ауылдық мәдениет үйінің кіре берісінде жасақталған қолөнер, кітап көрмесін тамашалады.

Жиында округ әкімі Еділ Бекжанов әр салаға кеңінен тоқталып, өткен 2020 жылда атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

IMG_0740

Округ әкімінің баяндамасынан кейін аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова жыл бойына тындырылған жұмыстарға кеңінен тоқталып, алға қойылған нақты міндеттермен бөлісті.

Есептік кездесу барысында ауыл тұрғындары аудандағы ең жас округ әкімі Еділ Бекжановтың жұмысына шынайы алғысын білдіріп, қызметіне оң баға берді.

 

Анар Ізмұхан,

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале