29.01.2018, 11:58
Оқылды: 53

Қаракөл ауылының іргесіне көпір салынды

Қаратөбе ауданы әкімі Жанат Асантаевтың халық алдындағы есепті кездесуі Қаракөл ауылдық округінде жалғасты.

 Алдымен, тұрғындар алдында есеп берген Қаракөл ауылдық округінің әкімі Нұржан Сахипов 2017 жылы атқарылған жұмыстар легіне тоқталды.  Әкімнің айтуынша, көп жылдар бойы шешімін таппай келген ауыл іргесіндегі көпір құрылысы аяқталды. Сонымен қатар Қаракөл мектеп-балабақшасы қыс мезгілінде жылыту жүйесі сұйық отынмен жылытылып келген болатын, қазіргі таңда көгілдір отынмен жылытуда.

Былтыр Қаратөбе ауданында бруцеллез ауруына шалдыққан 457 бас ірі қара және 163 бас қой, ешкі малдары анықталды. Барлығына белгіленген мерзімде тиісті ветеринарлық іс-шаралар жүргізілген. Бруцеллез ауруы ошағы тіркелген 224 аула 26880 шаршы метрді құрап, толық көлемде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Қоскөл ауылдық округінде 2017 жылдың аса жұқпалы аурулардың тізіміндегі 5 ошағы, мүйізді ірі қара малының пастереллез малының 2 ошағы және қарасан ауруының  3 ошағы тіркеліп, толық ветеринарлық шаралар өткізілген. Бұл жайлы аудан әкімі Жанат Асылханұлы халық алдындағы есебіде айтты.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Ақтайсай ауылы

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале