24.01.2020, 12:44
Оқылды: 68

Қаракөлде атқарылар шаруа көп

Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаевтың есебі Қаракөл ауылдық округінде жалғасып, округ бойынша атқарылған жұмыстармен танысты.

 qaratobe karakol (5)

Сапар барысында Ақтайсай ауылдық мәдениет үйінде аудан әкімі жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың мәселелері мен ұсыныстарын тыңдады.

Кездесу барысында округ әкімі Эльдар Амантаев атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.

Округ әкімінің айтуынша, сонымен қатар 9 шаруа қожалық асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағдарламасына қатысып, асыл тұқымды аталық бұқалар мен қошқарлар сатып алып, 2 млн. 212 мың теңге демеу қаржыға қол жеткізді.

qaratobe karakol (4)

Округ бойынша «Аққайыр», «Аялан» және «Орын» шаруа қожалықтары өз қаражаттарына, «Құттымұрат» ШҚ лизинг әдісімен жаңадан пішен жинағыш сатып алған.

«Терра» ЖШС-ның мал бордақылау алаңына 11 бас бұқашық, «Кублей» ЖШС-ға  57 бас мүйізді ірі қара ,88 бас қой, 64 қозы тапсырылған.

qaratobe karakol (3)

Сонымен қатар биыл ауылдың тұрақтылығын сақтау, мүмкіндікке қарай инвестиция тарту, жұмыспен қамту шараларын қолға алынбақ. «Шыңғыс-Телсу» мұнай кен орнының бұрғылау жұмыстарының басталуына орай, ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастырылады. Ақтайсай ауылына 5 көше, Алакөл ауылына 3 көше, Қоскөл ауылына 1 көше шамын қосымша орналастыру жоспарда тұр.

Есептік кездесу соңында тұрғындар сұрақтарын қойып, аудан әкімінің жеке қабылдауында болды.

Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале