6.08.2020, 17:01
Оқылды: 52

Карантин режимі басталғалы бәйтеректік еріктілер 24 мыңнан астам маска таратқан

Бұл туралы «Жақыныңа жанашыр бол» акциясы барысында аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық жетекшісі Алма Төлепқалиева мәлімдеді.

F784E680-2D31-418B-8E01-6B6305813AA5

Жуырда аудан жастары жоғарыда аталған акция аясында тағы бір бума тұмшаны тегін үлестірді. Игі істі бұл жолы Дариян, Чиров, Рубежка ауылдық округтерінің волонтерлары жасады.

Акция барысында көпшілік жиналатын орындарға барған еріктілер маскамен қатар ауыл тұрғындарға карантин ережелерін сақтау жайында ескертпелер мен үнпарақтар үлестіреді.

70-ке жуық тұмшаны тегін берген жастарға ауыл тұрғындары да разы.

-Өзім күзетте жасамаймын. Күнара жұмысқа келіп кетеміз. Бағасы әжептеуір түскенімен күнде маска алуға да ақша жұмсайды екенсің. Осындай кезде көмекке жастардың келгені демеу,- дейді Дариян ауылының тұрғыны Науан Сарбалақов.

Осы ретте көпшілік орындар мен қоғамдық көліктерде маска тағу міндетті екенін еске саламыз.

 Аружан Болатбекқызы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале