10.04.2018, 18:33
Оқылды: 105

Қараөзен мен Сарыөзендегі су деңгейі бақылауда

Қараөзен, Сарыөзен өзендердегі мұз ерімей жатып алды. Күн жылынып, сол өзендердің жағалары енді ғана ери бастады. Қазталов ауданының әкімі Абат Шыныбеков көктемгі су тасқынына қатысты ахуалды біліп, алдағы атқарылар шараларды белгілеу үшін Гүрілдеуік, Автобаза, Мәнти бөгеттерін аралап, жағдайды көзбен көрді.


 

Ауданымызда еріген қар суын бөгеп, көлдіктерді толтырып алу жұмыстары жүргізуде. «Қазсушар» РМК Батыс Қазақстан филиалының директоры Нұрболат Жұмағалиев қазір мол судың келуі күтілуде, сол тасқын суға дайындық жұмыстары тиянақты жүргізіліп жатыр дейді.

Ауданымызда ақпан айынан бастап су тасқынына қарсы жұмыстар тиянақты жүргізіліп жатыр. Абат Абайұлы Жалпақтал, Қараөзен ауылдарының көктемгі су тасқынына әзірлігімен танысты. Қос округтің әкімдері Самиғолла Ақмурзин, Мұрат Рахметуллин жергілікті жерде атқарылған шаралар туралы баяндады. Аудан әкімі қар түгелдей еріп кеткеннің өзінде босаңсуға болмайтындығын айтып, адам күші мен техниканы ұдайы әзірлікте ұстау туралы тапсырма берді.

-Бүгінгі күнге су тасқынының жағдайы қалыпты. Бұған қарамастан бізге бір сəтке де босаңсуға жəне жұмыс деңгейін төмендетуге болмайды. Мұнымен қоса ауылшаруашылығына қажетті су қорын жинақтауды да ұмытпау қажет. Көлдіктер мен көлтабандарға, шабындықтарға су шығаруды ойластыруымыз қажет. Жалпы алғанда тасқынға қарсы жұмыс шараларын жүргізу күнделікті бақылауда,-деді аудан әкімі.

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

IMG_7388 IMG_7395 IMG_7400

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале