9.11.2017, 10:58
Оқылды: 28

Қараөзен-Жалпақтал арасында автобус қатынай бастады

IMG-20171108-WA0003Жалпақтал мен Қараөзеннің арасы 1 шақырымдай. Ауыл тұрғындары Жалпақталға жиі барады, кейбірі балаларын да балабақшаға апарады.

- Осы кездерде қиындықтар кездесетін еді. Соның шешімі табылғандай. Қараөзен-Жалпақтал арасында «Газель» автокөлігі таңғы сағат 7-00-ден кешкі сағат 21-00-ге дейін арасына сағат салып жолаушылар тасиды. Белгіленген аялдамаларға тоқтайды. Балалар үшін жолақысы 50 теңге болса, ересектерге 100 теңге. Болашақта бұл маршрут Жаңажолға дейін жалғастырылатын болса, одан кейін Қазталовқа дейін де баратын маршрут ашу ойымызда бар, -деді жеке кәсіпкер Индира Әлібекова.

Гауһар ӘДІЛЖАН,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале