29.03.2018, 17:10
Оқылды: 29

Қараөзеннің қауіпті деген аймақтары бақылауға алынды 

IMG_7261Жалпақтал ауылында көктемгі су тасқынының алдын алу жұмыстары жоспарға сай жүруде. Қараөзен өзені үстінде облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мұзды кесу, ою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ауылда су басу қауіпті деген аймақтар бақылауға алынған.

Ал облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағының бас құтқарушысының айтуынша:

IMG_7254-Көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша Жалпақтал ауылына бір бірлік автокөлікпен сегіз құтқарушы келдік. Қазіргі күні мұздың кептеліс болады деген жерлерді кесіп, ою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жергілікті әкімшілік карта бойынша қай жерлерді ою қажет екенін көрсеткен болатын. Жыл сайын қай жерлерде мұз кептелісі болады сол аймақтарда іс шаралар жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде Гүрілдеуік, Автобаза бағыттарында болып, мұзды кесу, ою жұмыстарын атқардық. Алдағы уақытта Қайыңды аймағында болып, сол аймақта мұз ойып, бұрғылау жұмыстарын жүргізетін боламыз,-дейді Тимур Бегалиев.

Ал Жалпақтал ауылдық округі әкімі Самиғолла Ақмурзиннің айтуы бойынша, күні бүгін қауіпті деген аймақтар бақылауға алынып, сол көшелерде су сору жұмыстары, арықтарды қайта тазалау жұмыстары жүргізіліп отыр екен.

Қазіргі таңда төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша Жалпақтал ауылдық округі әкімшілігі қауіпті деген аймақтарға парақшалар үйлестіріліпі, көктемгі су тасқыны кезінде 3 млн.20 мың теңге қаражат бөлінген. Қауіпті деген аймақтардан 10 мың шаршы метр қар шығарылған.

 

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

 Жалпақтал ауылы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале