26.05.2020, 14:29
Оқылды: 74

Қарашығанақ кен орны 5 маусымға дейін карантинге жабылды

Кеше Бөрлі ауданына жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Ғали Есқалиев КПО б.в комапаниясының аумағында короновирус жұқпасының алдын алу жайына қатысты арнайы кеңес өткізді. БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұқамғали Арыспаев, КПО б.в компаниясы бас директорының орынбасары, өндіріс директоры Габриеле Джиона және аудандық мекеме басшылары қатысты.

IMG-20200526-WA0018

- БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерімен Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны аумағында карантиндік режім жариялағаны белгілі. Бұл біздің алаңдаушылығымызды тудыруда. КПО б.в өңіріміздегі ең ірі компания, ең үлкен салық төлеуші және ең көп жұмыс орнын ұсынушы кәсіпорын. Сондықтан кен орнындағы жағдай біз үшін маңызды. Қазіргі таңда компания індеттің алдын алу жолында қандай жұмыс атқаруда? Жергілікті атқарушы билік тарапынан қандай қолдау қажет екенін білу үшін кеңес өткізудеміз, - деді Ғали Есқалев сөз басында.

Кейін сөз алған БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Мұқамғали Арыспаев кен орнындағы карантиндік режім мен бүгінгі жағдайының жайын баяндады. Оның айтуынша, өңіріміздегі жағдай тұрақсыз. Соңғы күннің өзінде ауруға шалдыққан жандар саны көбейген. Ал Бөрлі ауданында өткен екі айда ауру жұқтырған 7 адам тіркелген болатын. Соңғы уақытта Атырау облысындағы «ТШО» компаниясында жұмыс жасайтын қызметкерлер үйлеріне оралған соң Ақсай маңындағы Қызылтал ауылында індетке душар болған азамат анықталды. Ал, Қарашығанақ кен орнында ауру жұқтырған адам 22 мамыр күні тіркелді. Дәрігерлердің уақтылы әрі тез іс-әрекетінің арқасында ауру шыққан ошақ анықталып, вахталық қалашық тұрғыны бірден оқшауланды. Кейін ол карантиндік стационарға жатқызылды. Қазіргі таңда науқас провизорлық госпитальде ем қабылдауда. Онымен қарым-қатынаста болған 37 дам анықталды. Олардың барлығы арнайы анализ тапсырып, нәтижелері теріс болды. Бүгінде індет жұқтырған жанмен байланыста болғандар қажетті ем-шараларын алып, үй карантинінде. Жалпы кен орнындағы қазіргі жағдай тұрақты. Басқа жағдай тіркелмеген. Десе де жағдайдың ушығуына жол бермес үшін кен орны 5 маусымға дейін карантинге жабылған.

IMG-20200526-WA0019

Кеңеске бейнебайланыс арқылы қатысқан КПО б.в компаниясының бас директоры Эдвин Блум компания барлық санитарлық талапты орындайтынын айтты. Сондай-ақ ауру өршуіне жол бермес үшін жұмысқа негізінен өңір тұрғындарын тартатынын және БҚО бас санитарлық дәрігерінің қаулысында көрсетілген міндеттерді мүлтікcіз орындамақ.

IMG-20200526-WA0020

- Теңіз шевройл кен орнындағы жұмысшылар тексерістен өткеннен кейін жұқпаның көп жағдайы анықталған болатын. Басты мәселе қауіп тәуекелдерін азайту. Компания қызметкерері толықтай ПЦР тестілеуден өтуі тиіс. Ол талапты орындамағандар жұмысқа жіберілмесін. Осыдан бірнеше апта бұрын облыстық инфекциялық ауруханада емделген «ТШО» қызметкерлері дәрігерлердің талаптарын орындамай, шу шығарғаны есімізде. Қазір ол компаниямен екі жақты келісім бойынша тәртіпке бағынбаған қызметкерлермен екі арадағы келісім шарт үзілетін болды. Сондай жағдай қайталанбас үшін ауруға шалдығып, емделуге жолданған КПО б.в. жұмысшылары тәртіпке бағынатыны туралы ескерпеге қол қоюлары қажет. Аурумен күреске қаражат аямаған абзал. Оның арты бұдан әлдеқайда үлкен шығындарға алып келетін болады,-деп кеңесті қорытқан облыс әкімі індет бейқамдықты кешірмейтінін, облыстағы тұрақсыз жағдай бір күнде өзгеретінін ескертті. Сондай-ақ сырттан келіп жұмыс жасайтын қызметкерлер санын біртіндеп азайтып, жұмысқа негізінен жергілікті кадрларды көбірек тарту қажет екенін  баса айтты.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале