5.04.2019, 13:19
Оқылды: 51

Қарасу тоғаны өлген балықтан тазартылуда

Қазталовтағы Қарасу тоғанында мұз еріп, қырылған балық жағаға шығып жатыр.

 IMG_9839 - копия

         Бұл жағдай жыл сайын қайталанып, аудан орталығының басты проблемаларының бірі болып тұр. Қарасу тоғаны ағынды су емес, ауыл тұрғындарының техникалық қажеттілігіне арналған су қоймасы. Жылма жыл аудан әкімшілігі жергілікті еріктілермен ойық ойып, балықтарға ауа жіберу жұмысын жүргізуде. Тек осы қыс айларында 900-ден астам ойық ойылды. Дегенмен, тоғанның кейбір жерлеріндегі судың қату тереңдігі балықтардың мұзға қатып қалу фактісіне әкеліп отыр. Бұл жерде тек табиғат құбылысы факторлары болуы мүмкін. Қазір тоғанды өлген балықтан тазалау жұмысы жүргізілуде.

         Жұмыстың басында жүрген аудан әкімінің орынбасары Рүстем Зұлқашев пен округ әкімі Жүсіп Шакуов мекеме ұжымдары мен ауыл тұрғындарын жұмылдыруда.

         Ауыл тұрғыны Рахым Яруллиннің айтуынша, бұл жағдай судың таяздығынан болып отыр.

         – Алдағы уақытта тоғанды тазартып, тереңдетпесе, жылма-жыл бұл жағдай қайталана береді. Сондықтан, атқарушы органдар бұл мәселені шешу үшін жұмыстанса,- дейді ауыл тұрғыны Р.Яруллин.

         Ал округ әкімі Жүсіп Шакуов осы мәселеге қатысты:

          – Қарасу тоғанының ұзындығы 4 шақырым. Ені 75 метр шамасында. Ауыл тұрғындарының техникалық мақсатқа пайдаланылатын бұл тоғанға Сарыөзеннен су жіберіліп тұрады. Қыс мезгілінде де балыққа оттегі жету үшін ойықтар ойылып, қамыс салған болатынбыз. Балықтың қырылу себебін арнайы мамандар анықтайтын болады. Аудан орталығындағы барлық мекеме ұжымдары мен қоғамдық жұмысқа тартылған азаматтардың тоғанды тазалауда. Техника да бар,- деді.

IMG_9834 - копия IMG_9836 - копия IMG_9838 - копия IMG_9843 - копия IMG_9849 - копия

Қайрат Жақып,

Қазталов ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале