20.05.2019, 15:26
Оқылды: 63

Қарасуда жерлестер форумы өтті

Елбасы Н.Назарбаевтың таным-түсінігімізге, көзқарасымызға соны серпіліс әкелген «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазталов ауданы Қарасу ауылдық округінде жерлестердің басын қосқан форум өтті.

 qarasu (2)

Жан-жақтан жиналған жерлестер Қарасу мешітінде болып, ата-баба рухына құран бағыштап, дұға етті. Қарасу ауылында 4 млн. теңге тұратын төрт жоба іске асты. Оған қаржыны сол жерде туып өскен іскер азаматтар демеушілік танытты.

Ең алдымен ауыл түлектер мектеп бітіргендеріне 10 жыл болған түлектердің Қарасу мешітінің мұнарасының ашылу салтанатына қатысты.     Ал мұнан кейін жерлестер Қарасу ауылының қақ ортасынан жаңа саябақтың ашылу салтанатына қатысты. Саябаққа ауыл тұрғындары мен 20 жыл бұрын мектепті аяқтаған түлектер тал-терек отырғызып, техникалық су тартты. Айта кетейік, саябаққа 2 млн. 500 мың теңге қаражат жұмсалған. Саябақтың ашылуында округ әкімі Эдуард Ешмұқанов, еңбек ардагері, аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Нағым Ризуанов сөз сөйлеп, жерлестерге алғыс білдірді. Ал мектеп бітіргендеріне 35 жыл болған түлектер осы саябақ ішінде «Ауыл ел бесігі» атты монументін ашты. «Ақжелкен» бөбекжайында 2004 жылғы түлектер балалар ойын алаңын сыйға тартты.

Форумның пленарлық жұмысы өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Самал Жангереева «Рухани жаңғыру» бойынша атқарылып жатқан игі істерге тоқталып, аудан әкімі Абат Шыныбековтың алғыс хатын табыс етті.

Бас қосуда «Туған жерім Қарасу» атты кітаптың тұсауы кесілді. Кітаптың авторлары – Ляззат Серікова мен Асхат Қуанышқалиев.

Кездесу барысында Э.Ешмұқанов туған жердің дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтарды алғыс хатпен марапаттады.

Тұрарбек Қайырғалиұлы,

Қазталов ауданы,

zhaikpress.kz

qarasu (1) qarasu (3) qarasu (4) qarasu (6) qarasu (7) qarasu (10)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале