13.03.2017, 11:10
Оқылды: 38

Қарасудың балығы қырылып жатыр (ФОТО)

Kaztalov Karasu 01  Қазталов ауданы орталығында орналасқан Қарасу тоғанында балық қырылып жатыр. Ауа райы жылынғанымен тоғандағы мұз әлі де болса жаппай ери қоймаған. Еріген жағалауға ауа жетпеген балықтар шығып, өліп жатыр.


Kaztalov Karasu 05

  Ауыл тұрғындарынан құрылған еріктілер тобы қалың мұзды ойып, тоғандағы балықтардың дем алуына жағдай жасап жатыр.

Kaztalov Karasu S

-Үш-төрт жылдан бері Қарасу тоғандағы балықтарға ауа бару үшін ойықтар оямыз. Кешеден бері жағаға шыққан балықтарды аулап алып, Сарыөзен өзеніне апарып салудамыз. Азғантай болса да балықтарды аман алып қалайық деп жасаған амалымыз. Бірақ бұнымен мәселе шешілмейді. Бұл жағдайға кім жауапты? Жазда осы тоғаннан шабақ аулағаны үшін кейбір тұрғындарға айыппұл салған құзырлы органдар қазір қайда қарап отыр? Осы мәселені шешу үшін құзырлы органдар тарапынан көмек болса деймін. Шешу жолдарын бірігіп қарастырайық. Бұл мәселе баршамызға ортақ емес пе?- деген ренішін білдірді Қазталов ауылының тұрғыны Серікбай Малаев.

Kaztalov Karasu 02

Kaztalov Karasu 03

Kaztalov Karasu 04

Қайрат ЖАҚЫП

 Қазталов ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале