6.10.2020, 14:53
Оқылды: 285

Қаратөбе аудандық ішкі саясат бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Қаратөбе ауданы әкімінің 2020 жылғы 6 қазандағы №165 өкімімен аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы болып Сафуллин Нұртас Набиоллаұлы тағайындалды.

Nurtas (2)

 

Жаңа тағайындау туралы өкімін оқып, жаңа басшыны ұжымға таныстырған аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Рашит Иманғалиев бөлім басшысының жаңа қызметіне табыс тіледі.

Сафуллин Нұртас Набиоллаұлы 1987 жылы 5 қыркүйекте БҚО, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылында дүниеге келген.

1993-2004 жылдары Егіндікөл орта мектебінде орта білім алған. Екі жоғары білімі бар.

2004-2008 жылдары Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың политехникалық факультетінде «Электроэнергетика» мамандығы бойынша тәмамдаған, екінші жоғары білімін «Құқықтану» мамандығы бойынша алған.

2008-2010 жылдар аралығында бірінші мамандығы бойынша «Жайықжылуқуат» АҚ-да жұмыс істеді.

2010-2019 жылдары «Жайық Пресс» ЖШС-на қарасты облыстық «Орал өңірі» қоғамдық-саяси газетінде тілші, гуманитарлық бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарды.

2019 жылдан осы уақытқа дейін «DANА kaz» тарихи-танымдық журналының бас редакторы болып қызмет етті.

«Егіндікөл тарихы», авторлық бірлестікте «Өрісті өнер өнегесі», «Аласармайтын асқар тау» кітаптарының авторы.

 

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале