19.10.2018, 12:28
Оқылды: 63

Қаратөбе аудандық соты есеп берді

Қаратөбе аудандық соты 9 айда атқарылған жұмыстарды саралау үшін баспасөз брифингін өткізді.

 DSC_0060

         Аудандық билер кеңесінің төрағасы Орынғали Ермекқалиев, билер кеңесінің мүшелері, аудандағы кәсіпқой емес медиаторлардың, қоғамдық ұйымдар жетекшілері, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторларының қатысты.

Қаратөбе аудандық сотының төрайымы Бақытгүл Жәңгірова сот мекемесінде атқарылған жұмыстарды баяндап, медиаторлар мен билер жұмыссын әңгімеледі.

Аудандық сот төрайымы Бақытгүл Шабайқының айтуынша, 9 ай ішінде барлығы 99 талап арыз түскен. 18 азаматтық іс бойынша өндіріс қысқартылған. Оның ішінде 11-і медиация тәртібімен қысқартылса, 2-уі бейбіт келісіммен, 5 іс арыз берушінің талап арыздан бас тартуына байланысты қысқартылған. Үш азаматтық іс соттылығы бойынша жолданған, қараусыз қалған азаматтық іс болмаған.

Барлығы 27 талап арыз жеңілдетілген жазбаша іс жүргізу тәртібімен аяқталып, азаматтық іс бойынша 2 жеке ұйғарым шығарылған. Апелляциялық шағым келтірілген арыздар, бұзылған немесе өзгертілген сот актілері болмаған.

         Баспасөз конференциясында кәсіби тәжірибе көрсетіп, көпшілікке үлгі боларлық ісімен танылып жүрген Жусандыой ауылдық округіндегі кәсіпқой емес медиатор, аудандық билер кеңесінің мүшесі Сырым Оразовтың жұмысы ерекше атап өтілді.

DSC_0062

 

Ерболат РАЙСОВ,

Қаратөбе ауданы,

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале