23.01.2017, 11:36
Оқылды: 84

Қаратөбе ауданы әкімінің есеп беруі басталды

Egindikol 01  Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров биылғы халық алдындағы есеп беру науқанын бүгін Егіндікөл ауылдық округінен бастады.


  Аудан басшысы А.Шахаров қаңтардың 23-і мен 26-сы аралығында ауданның 8 ауылдық округінде тұрғындар алдында есеп береді. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдерінің есебін де тыңдайды. Жиындардың өтетін орны болып ауылдық мәдениет үйлері белгіленген.

  Есеп беру науқаны алдында аудан орталығы, ауылдық округтер мен барлық елді мекендерде тұрғындар ұсыныстары мен ескертпелері, үнқосулары үшін арнайы жәшіктер қойылды.

 

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале