26.12.2019, 18:29
Оқылды: 715

Қаратөбе ауданы жаңа жылдық шыршадан бас тартты

Қаратөбе ауданы орталық алаңға құрылатын бас шыршадан бас тартты.

elka

 -Тәуелсіздік және Жаңа жылға байланысты мерекелік шараларды пысықтаған жиында аудан әкімі Жанат Асантаевқа, аудандағы барлық мемлекеттік мекемелерге Жаңа жылды дүркіретіп тойлаудан бас тарту жөнінде ұсыныс жасалды. Біздің ұсынысымызды бәрі қолдады. Бірақ бұл ұжымдық кештер ұйымдастыруға болмайды деген сөз емес. Кейбір органдар қайырымдылық шарасына да қатысып, ұжымдық кеш ұйымдастыруды да қалайды. Біз осы мейрамнан ғажайып күтетін күнкөрісі мен әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қуаныш сыйлағымыз келеді, - дейді ауданның ерікті жастары.

Сонымен қатар Соналы мектебі республикалық көлемде ұйымдастырылып жатқан жаңа жылдық мерекелік кештен бас тарту челенджін қолдаған видео үндеу жолдап та үлгерді. Бұл құптарлық іс, әрі көпке үлгі. Аталмыш ұжым мерекелік кешке жинаған қаржыны қайырымдылыққа жұмсамақ.

Осылайша қаймағы бұзылмаған Қаратөбе халқы ұлыстарды ұйыстыратын ұлы мереке – Наурыз мерекесін кең көлемде тойламақ.

Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале