8.02.2017, 14:04
Оқылды: 58

«Қаратөбе ауданын басқа аудандарға үлгі етуге болады»

AkimБұл - Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаровтың есеп беру жиынына қатысқан облыс басшысы Алтай Көлгіновтің берген бағасы.


«Осыдан жеті жыл бұрын келгенде жол өте нашар еді. Қазір жағдай мүлдем басқаша. Ауданның сапалы ауыз суы керемет. «Дем» сусын өндіру цехы тұрақты жұмыс жасап тұр. Оның үстіне аудан көгілдір отынмен 100 пайыз қамтамасыз етілген ауданның бірі екендігін жақсы білеміз. Сол себепті Қаратөбе ауданын басқа аудандарға үлгі ретінде көрсетуге болады» - деді өз сөзінде өңір басшысы Алтай Көлгінов.

karatobe esep (2)Асхат Берлешұлының өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде халық алдында берген есебіне сүйенсек, Сәуле, Бесоба, Егіндікөл ауылдарындағы әлеуметтік нысандарды газдандыру жұмыстары, Қаратөбе ауылындағы Мәметова, Абай, Жұмақаев көшелеріндегі инженерлік-коммуникациялық желілер құрылысы аяқталған. Жалпы ауданы 1349 шаршы метрді құрайтын 13 пәтер пайдалануға берілген.

Сонымен қатар Саралжын, Төлен, Жусандыой ауылдарындағы мектеп қоршаулары, Сулыкөл, Егіндікөл ауылындарындағы балабақшалар, Қоскөлдің саябағы, «Жасыл желкен» жазғы демалыс лагері, Ақтайсайдағы спорттық ойын алаңдары, Саралжын ауылдық округіндегі Қарақамыс ауылының жолы жөнделіп, Қаратөбе ауылындағы Мұхит, Құрманғалиев көшелеріндегі жаяу жүргінші жолдарына тас төселді, Егіндікөл ауылындағы бұлақ бойы жарықтандырылды.

karatobe esep (1)Қазіргі таңға жүргізіліп жатқан Қаратөбе ауылындағы көшелерді жарықтандыру жұмысы 2017 жылы аяқталмақ.

Аудан бойынша мал тұқымын асылдандыру бағытында «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша 977 бас мал сатып алынды.

2017  жылы Қаратөбе ауданының су қоры көзінен Үшана ауылына дейінгі елді мекендерді сумен жабдықтау жүйесінің  құрылысы басталады деп жоспарлануда, бұл мақсатқа ағымдағы жылға 187 897,0 мың тенге қаражат бөлінді.

MendewevЕсептік жиында аудандық мәслихат депутаты Нұрлан Меңдешов, студент Мұхтар Шайжанов және БҚО сот төрағасы Бек Әметовтер сөз сөйледі.

Жиын басталмас бұрын өңір басшысы Алтай Сейдірұлы бастаған топ аудандық мәдени-демалыс орталығы фойесінде орын тепкен ауданның дарынды ұл-қыздарының қолөнер бұйымдары көрмесімен танысты.

Сондай-ақ жиналғандар назарына ауданның ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік, білім, спорт, және мәдениет саласындағы атқарылған жұмыстарын баян етер бейнекөрсетілім ұсынылды.

Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы

Суреттерді түсірген

Айбатыр НҰРАШ

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале