18.10.2017, 15:54
Оқылды: 23

Қаратөбе ауданында 123 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған

Бұл жайлы ауданда сот төрелігін жүзеге асыру барысында атқарылған жұмыстарды қорытындылауға арналған брифингте айтылды.

Жиында сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірова ағымдағы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, статистикалық мәліметтерге тоқталып өтті.

Қылмыстық істер бойынша ағымдағы жылдың 9 айында барлығы 18 тұлғаға қатысты 13 қылмыстық іс түсіп,  8-іне үкім шығарылған. Оның ішінде 8 тұлғаға қатысты айыптау үкімі шығарылған. 4 тұлғаға қатысты 4 қылмыстық іс қысқартылып, төртеуі де медиация тәртібімен тоқтатылды. Бір тұлғаға қатысты бір қылмыстық іс сотталушыға іздеу жариялануына байланысты прокурорға қайтарылды.

Азаматтық істер бойынша 9 ай ішінде аудандық соттың қарауына 98 талап арыз, 2 азаматтық іс түскен. 95 азаматтық іс негізінен қаралып, 11 сот бұйрығы, 59 сот шешімі қабылданған. 15 іс қысқартылған, 4 азаматтық іс соттылығы бойынша басқа соттың қарауына жолданған.

Қаратөбе аудандық сотына 9 ай ішінде 171 әкімшілік іс қаралған. Қаралған әкімшілік істердің 48-і бойынша өндіріс қысқартылған, ал 123 іс бойынша барлығы 123 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 8 ескерту, 36 айыппұл ретіндегі жаза, 66-на қамау түріндегі жаза, 13-іне автокөлік жүргізу құқығынан айыру жазасы белгіленген болса, қосымша жаза ретінде 1 көлік құралын басқару құқығынан айыру, 2 тәркілеу түріндегі жазаға тартылды. Барлық қаралған 171 әкімшілік іс дыбыс-бейне жазба құралын пайдалану арқылы қаралды.

Әкімшілік істер бойынша 5 жеке қаулы шығарылды дейді сот төрайымы Бақытгүл Жәңгірова.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале