15.11.2017, 14:46
Оқылды: 17

Қаратөбе ауданында қаржыгерлер арасында жарыс өтті

DSC_0143«Қаратөбе» спорт клубының ұйымдастыруымен Ұлттық теңге күні мерекесіне орай қаржыгерлер арасында дойбы және үстел теннисінен жарыс өтті.

Спорттық жарыста сөз алған аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан жарысқа қатысушыларды мерекемен құттықтап, сәттілік тіледі.

Ойын қорытындысында ерлер арасында дойбыдан І орынды аудандық статистика басқармасының басшысы Халқымбай Есжан жеңіп алса, үстел теннисінен аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Арман Отаубаев жеңіс тұғырынан көрінді.

Қыздар арасында дойбыдан І орынды аудандық қазынашылық басқармасының қызметкері Нұргүл Аманғалиева иеленсе, үстел теннисінен Қарашаш Ғұмарова (Қаракөл ауылдық округі) несие тұтты.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

 Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале