4.10.2017, 11:19
Оқылды: 31

Қаратөбе ауданында күзгі туриада өтті  

 

Қаратөбе балалар мен жасөспірімдер саяхаты және экология орталығының ұйымдастыруымен оқушылар арасында  жаяу туризм техникасынан аудандық «Алтын дала – 2017» күзгі туриадасы және   «Батыс Азимут – 2017» спорттық бағдарлау жарысы өтті.


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру бағытында өскелең жастарды  өлкетану жұмыстарын жүргізу, экологияны жақсартуға атсалысуға, тарихи ескерткіштер мен мәдени нысандарды танып білу керектігін нақты айтқан болатын.

Туриада оқушылар арасындағы туристік тәжірибе алмасу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жаяу туризм техникасын насихаттау және дамыту, оқушылардың техникалық-спорттық шеберліктерін шыңдау мақсатында өткізілді.

Аудандық туриадаға 12 команда қатысып, «Өткел» қашықтығы, «Ең үздік қойылым», «Техникалық» қашықтықтан өту, спорттық бағдарлау  кезеңдері бойынша сынға түсті.

Жарысқа қатысушылар өздерінің ептіліктері мен жылдамдықтарын, төзімділіктерін көрсете білді.

«Алтын дала – 2017» күзгі туриадасында І орынды Мұхит атындағы мектеп, ІІ орынды Жамбыл мектеп-балабақшасы, ІІІ орынды Қаракөл, Шөптікөл мектеп-балабақшасы еншіледі.

Жарыстың қорытындысында «Батыс Азимут – 2017»  спорттық бағдарлаудан І орынды Жамбыл мектеп-балабақшасы, ІІ орынды Қалдығайты орта мектебі, ІІІ орынды  Шөптікөл мектеп-балабақшасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық білім беру бөлімінің дипломдарымен, медальдарымен марапатталды.

Жеңімпаз командалар облыстық кезеңге жолдама алып, аудан намысын қорғамақшы.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале