5.02.2020, 16:29
Оқылды: 225

Қаратөбе ауданында мемориалдық музей салынуда

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Егізбаев Қаратөбе ауданы әкімінің халыққа есеп беру кездесуіне қатысты. Өңір басшысының орынбасары аудан орталығында салынып жатқан Алашорда және Қайыржан Хасановтың мемориалдық музей-кешенінде болып, құрылысымен танысты.

 qaratobe (12)

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қолға алынған игі іске белгілі өлкетанушы, журналист, ақын, прозаик жазушы Қ.Хасановтың ұлдары бастамашы болып, ғимарат құрылысын жүргізуде.

Кешен құрылысымен танысуға келген облыс әкімінің орынбасарына атқарылып жатқан жұмыстарды баяндаған Ержан Хасанов музей-кешені туралы мағлұмат беріп, алдағы жоспарлары туралы да айтып өтті.

qaratobe (9)

Күнбатыс Алашордашылардың «Қаратөбе сиезі» атауымен тарихта қалған сиез өткен мешіттің орнына салынып жатқан аталған музей-кешенінің құрылысы өткен жылдың тамызында басталды. Музей негізгі үш залдан тұрмақшы. Алашорда тарихы залы және белгілі қаламгер, өлкетанушы Қайыржан Хасановтың шығармашылығына арналған зал, үлкен ресми шаралар өтетін 80-100 адамға арналған конференц зал жасақталмақшы. Сондай-ақ жылжымалы көрмелер ұйымдастырылатын залы да болады.

qaratobe (3)

Болашақта үлкен мәдени орынға айналатын кешен жұмысына жоғары баға берген Серік Егізбаев «Қаратөбе сиезі» өткен тарихи орынға қойылған ескерткіш басында да болды.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып

біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале