1.05.2018, 15:38
Оқылды: 26

Қаратөбе ауданында мерекелік шеру өтті

DSC_0177Бүгін Қаратөбе ауданының орталығы Қаратөбе ауылының орталық алаңында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі  күні мерекесіне орай салтанатты шеру өтті.

Аудан орталығындағы барлық мекемелердің қызметкерлері сап түзеп, орталық алаңға бет алды.

Қолдарына мерекелік шарлар мен жалаушалар ұстап орталық алаңды жүріп өткен барша мекемелердің жетістіктері өз кезегімен дәріптеліп, мақтанышпен аталды.  

DSC_0215Алаңдағы сахнаға шығып сөз сөйлеген аудан әкімі Жанат Асантаев,  шешен және қырғыз ұлттарының өкілдері Омар Хасинов пен Чинара Ташматова  алаңға жиналған барша қаратөбеліктерді Бірлік мерекесімен құттықтады. Құттықтау сөз сөйлеген өзге ұлттың өкілдері  өз тілдерінде қаратөбеліктерге мерекелік жалынды сәлеммен ақжарма тілектерін жолдады.

- Құрметті жерлестер! Баршаңызды бүгінгі зор маңызға ие Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтаймын.

130 - дан астам өзге ұлт мен ұлыс бір шаңырақ астында тату- тәтті өмір сүріп жатырған Қазақстан халқының бірлігі арқасында еліміз көркейіп, алға басып келеді. Халқының бірлігі жарасқан еліміз әлемге танымал алпауыт елдердің қатарынан көрінуде. Бірлігі жарасқан жасампаз Қазақстан халқының  достығы арта берсін. 10-нан астам өзге ұлт өкілі қоныс тепкен қасиетті Қаратөбенің халқының ауызбіршілігі нығайып, баянды бірлікте болсын!, - деді  мерекелік тілек арнаған аудан басшысы Жанат Асылханұлы.

Мерекелік шара аудандық мәдени-демалыс орталығы көркемөнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.

                                                          Ерболат Райсов

Қаратөбе ауданы

                                                           

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале