31.03.2020, 17:50
Оқылды: 214

Қаратөбе ауданында сақтық шаралары күшейтілді

Еліміздегі төтенше жағдайға байланысты аудан орталығында аудандық төтенше жағдайлар бөлімі полиция бөлімімен бірлесе отырып, дыбыстық құрылғы арқылы қауіпсіздік шараларын сақтауға байланысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

472BB47A-8605-4AC9-974F-842DD8A1FCBF

 COVID-19 пневмониясымен күрес үшін Қаратөбе аудандық қоғамдық орындарда да сақтық шаралары қатаң бақылауға алынған. Аудан әкімдігінің ұйымдастырумен тұрғындардың сауалдарына шұғыл жауап беру үшін арнайы Call–орталық жұмыс істейді. Call – орталық 8 (71145) 31 2 12 нөмірі арқылы тәулік бойы  қоңыраулар қабылдайды.

Құрметті аудан тұрғындары! Қазіргі жағдайдың қаншалықты қиын екенін баршаңызда әлеуметтік желілер арқылы біліп отырсыздар, алайда әлі де немқұрайлықпен қарап көше кезіп жүрсіздер, маскалық режим сақталмаған. Ғалымдардың айтуынша. бұл дерт тек өзін-өзі оқшаулаудан кейін басылады. Сондықтан еш себепсіз үйден шықпаңыздар.

Барлығыңызды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі әзірлеген нұсқаулықтарды қатаң сақтауға шақырамыз. 

 Маралбек Амантаев

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале