20.02.2020, 14:33
Оқылды: 114

Қаратөбе ауданында ұлттық спорт ұлықталды

Қаратөбе ауданының  Саралжын ауылдық округіне қарасты Сәуле елді-мекенінде ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды.

karatobe audany (1)

«Бестабан» және «Бес асық», «Аударыспақ», «Тазы үйрету» ұлттық ойын түрлері ойнатылып, ежелден халқымыздың жеті қазынасының бірі санаған тазы итті ертіп, жылқы ерттеген азаматтар алаңда өз қарым-қабілеттерін көрсетті.

karatobe audany (2)

Тартысты өткен додада Еркебұлан Қарақойшы жеңімпаз болды. Жанболат Есқалиев атты ерттеу ретін көрсетсе, тазы асырап, талай додаларда топ жарып жүрген ұлттық спорт жанашыры Азамат Әсемов тазы итінің тұрпатына қарай күтіп-баптау жолдарын көрсетті. Ата дәстүрін жалғастырған Азамат Бақтыгерейұлы күшіктерді Жымпиты ауданынан және Ақтөбе облысынан алып келген, қазіргі таңда қолында таза қанды 4 тазы бар.

Шара соңында жүлдегерлер әкімшілік тарапынан марапатқа ие болды.

Тұрсынай Нағымова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале