3.04.2018, 11:08
Оқылды: 60

Қаратөбе ауданында жолды ағын су басқан

1Кеше, сағат 16.35-те Қаратөбе ауданындағы аудандық маңызы бар Қаратөбе-Қарақамыс жолының 3-ші шақырымда жол үстімен ені 20 метр және тереңдігі 20-30 см еріген су ағыны өтіп жатқаны жөніндегі хабарлама келіп түскен. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.

Жергілікті атқарушы органдардың 40 жұмысшысы мен 5 бірлік техникасының уақытылы әрекет етуі нәтижесінде инертті материалдары бар 1800 қап төселген.

2Сондай-ақ бұл жолдан басқа жақын маңдағы елді мекендермен қарым-қатынасты жалғастыруға мүмкіндік беретін айналма жол да бар. Қосымша жергілікті атқарушы органдардың 3 жұмысшысы және 2 бірлік техникасы күшімен және 2 жеке құрам адамы және 1 бірлік техникасы  бар жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырған.

zhaikpess.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале