7.09.2020, 9:46
Оқылды: 202

Қаратөбе ауданындағы қол күресі үйірмесінің табысы орасан

Қаратөбе ауданына қарасты Қаратөбе аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің қол күресі үйірмесінің жаттықтырушысы Нұрқат Нысанов жетекшілік ететін үйірменің шәкірттері дүбірлі додаларда топ жарып жүр. Қазақстан Республикасы қол күресінен спорт шеберлігіне үміткер, біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғарғы санатты жаттықтырушы, ҚР ұлттық спорт төрешісі Нұрқат Есенжанұлының аталмыш үйірме жұмысына жетекшілік жасағанына да он жылдан астам уақыт өтті.

қол күресіҚол күресі үйірмесінің басты жеңістерінің бірегейі – 2019 жылы 29 қазан-2 қараша аралығында Румыния елі Константа қаласында қол күресінен 51 ел, 1000-нан  аса спортшы қатысқан ХХХХІ әлем чемпионатында 2001-2003 жылы туған жасөспірімдер арасында Ерболат Ержан (СШҮ) 50 келі салмақ дәрежесінде алтын медалға иеленіп, чемпион атанды.

Сонымен қатар Азия чемпионатында жетекшінің 5 шәкірті жеңімпаз-жүлдегер атанды.

Атап айтар болсақ, Қырғызстанда өткен Азия чемпионатында Ерболат Ержан (СШҮ) І орын жасөспірімдер арасында (2019 жыл),  Қалиев Фархат (СШҮ) ІІІ орын жастар арасында (2019 жыл), Бурабайда өткен Азия чемпионатында

Жакипов Есеней (ХДСШ) АРМ-4 І орын (алтын медаль) (2018 жыл), Құмаров Сүйесін (СШҮ) жастар арасында ІІ орын (күміс медаль) (2018 жыл), Қырғызстанда өткен Азия чемпионатында Құмаров Сүйесін (СШҮ) жасөспірімдер арасында ІІІ орын (қола медаль) (2017 жыл) есімдерін мақтанышпен айтуға болады.

қол күресі 1

Ал ашық Азия кубогінде 2 шәкірті жүлделі орыннан көрінді.

2017 жылы Жамбыл облысы Тараз қаласында өткен ашық Азия кубогінде

Мүмкіндігі шектеулі жандар арасында (арм-4) тобы бойынша

Жакипов Есеней (СШҮ) ІІ орын (күміс медаль), Қалиев Фархат (СШҮ) ІІІ орын жастар арасында қола медальға ие болды.

Қазақстан Республикасы чемпионатында 6 шәкірті, Қазақстан Республикасы спартакиадасында 3 шәкірті, Қазақстан Республикасы кубогінде 2 шәкірті жеңімпаз-жүлдегер атанды.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале