10.01.2020, 18:01
Оқылды: 66

Қаратөбе ауданының әкімі тұрғындарды қабылдады

Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында тұрғындарды қабылдады.

qaratobe (2)

Қабылдауға Қаратөбе ауылының тұрғыны Нұрсұлу Оразғалиева екінші топтағы мүмкіндігі шектеулі ұлын тұрғын үй кезегіне қою мәселесімен келді.

Нұрсұлу Тұрсынқызының өзі де тұрғын үйінің апатты жағдайда деп танылуына байланысты аудан әкімдігіндегі тұрғын үй кезегіне 17-ші болып тіркеліп тұрған көрінеді. Апатты жағдайдағы үйде ұлын бағып отырғандығын, тұрғылықты баспанасының көгілдір отынға қосылмағандығын, үйін жылытатын отынының да азайғанын тілге тиек етіп, жағдайын түсіндірді.

 Аудан басшысы Жанат Асылханұлы барлық заңдылықтарды сақтай отырып үй кезегіне тұруға құжаттар жинауға кеңес берді. Ауыл тұрғынының мәселесі бойынша заңды тұрғыдан қолдан келген көмектерді жасауға тиісті мекеме басшыларына тапсырма берді.

Серікбай Хасанов

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале