3.11.2017, 11:51
Оқылды: 39

Қаратөбе кітапханасында танымдық шара өтті

DSC_0682Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі оқырман назарына «Туған жер, саған, мың тағзым!» атты мерекелік концерттік бағдарлама ұсынды.

Айтулы шарада алдымен тұрақты оқырмандар арасындағы 20-ға жуық оқырманға «Алтын формуляр» табысталды. «Алтын формуляр» иегері «Кітапханаға жиі келетін оқырман» аталмының иегері Халық Наурызалин сөз сөйледі.

Концерттік бағдарлама аясында сахнада кітапхана қызметкерлері Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен», Ілия Жақановтың «Ақ Жайық – ару мекенім» әнідерін хормен шырқады.

Сондай-ақ кітапхананың ардагер әжелер ансамблі орындауында «Қоскөл кеші», «Туған ел» әндері әуелесе, кеш әрмен қарай мың бұралған қазақ биімен өрілді.

Жерлесіміз ақын Ертай Бимұхановтың шығармашылығынан  композициялық-поэтикалық қойылым қойылды. Сонымен қатар жеке дауыста «Елге сапар» әнін Нұрлы Жұбанғалиева, «Келем» деші!» әнін Жұлдыз Маширова, «Кітапханашы қыздар-ай» әнін Естай Шыңғалиев әуелете шырқады.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале