5.04.2019, 18:05
Оқылды: 132

Қаратөбе мәслихаты 25 жылдығын атап өтті

Бүгін Қаратөбе аудандық мәслихатының құрылғанына 25 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті.

25 (1)

Салтанатты шарада аудан басшысы Жанат Асантаев пен мен Мәлік облыстық мәслихат хатшысы Мәлік Құлшар көпшілікті айтулы күнмен құттықтап, аудандық мәслихаттың коғамдағы рөлі туралы айтты.

Мәлік Иманқұлұлы ҚР Мәслихаттарының құрылғанына 25 жылдығына орай аудан әкімі Ж.Асантаевқа, ардагер мәслихат хатшысы Б.Тойшыбаевқа және аудандық мәслихат депутаты Н.Меңдешовке алғыс хат берді.

             Жиын барасында ҚР Парламенті Сенатының депутаттарының құттықтау хаты мен III-IV шақырылымдағы облыстық мәслихат депутаттары Шолпан Қыдырниязова мен Ғалия Сеғалиеваның бейне жазба түріндегі құттықтаулары назарға ұсынылды.

         «Ел игілігіне қызмет ету – мәслихат мақсаты» тақырыбында баяндама жасаған аудандық мәслихат хатшысы Қадыржан Сүйеуғалиев:

–  Осы 25 жыл ішіндегі алты шақырылымда Қаратөбе аудандық мәслихатына 72 депутат сайланды. Олардың 18-і (25 пайызы) әйелдер.

Халық сайлайтын аудандық мәслихат депутаттары да тынымсыз еңбек, жауапкершілікпен жаңашылдықты ұстана отырып, табысқа жететін қоғамды қалыптастыруды өздерінің негізгі ұстанымы деп біледі. Осы алтыншы шақырылым депутаттарының қысқаша өмірбаяндарымен республикалық «Депутат энциклопедиясы» кітабы шығарылды, - деп аудандық мәслихаттың атқарған жұмыстары туралы баяндады.

Қаратөбе аудандық мәслихатының 25 жылдығына орай сала ардегерлері, бірқатар бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ әкімдері мәслихат хатшысы Қ.Орынбасарұлының алғыс хаттарымен марапатталды. Айтулы мерекеге орай Қаратөбе аудандық мәслихатының VI шақырылымдағы депутаттарының атқарған жұмыстары туралы дайындалған фото-альбом М.Мералиев атындағы тарихи-өлкетану музейіне табысталды.

25 (3)

Ажаргүл Әлиева,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале