26.11.2018, 16:10
Оқылды: 170

Қаратөбе мектеп-гимназиясы 20 жылдығын атап өтті

Бүгін Қаратөбе аудан орталығындағы іргелі білім ордасының бірі, дарынды балаларға арналған Қаратөбе мектеп-гимназиясы өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтті.

qaratobe 20 (3)

 Талай дарынды шәкірттерге бағыт-бағдар беріп, үлкен өмірге жолдама берген алтын ұяға ардагер ұстаздар мен шәкірттері асығып жетті. Мерейтой аясында өткізілген «Сан қыранды самғатқан, алтын ұя мектебім!» атты форумға қатысушылар алдымен «Қуанышты көрісулер таңы» атты тренингке қатысты.
Форум барысында «Рухани жаңғыру – өнегелі құндылықтар бастауы» атты көрме ұйымдастырылды. Көрмеде мектептің тәрбие жұмысы, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мааласы аясында атқарылған жұмыстар мен «READx» жобасының жұмысы таныстырылды.
Мектептің жоғарғы қабатында «Дарынды шәкірт шығармашылығының шабытты алаңы» атты шығармашылық галлереясы өтті. Мектеп оқушылары барлық пән бойынша шеберлік сағатын өткізді. Химия сабағынан зертханалық жұмыс жасап көрсетсе, технология пәні барысында дайындаған бұйымдарын мектеп қонақтарына сыйға тартып, дәм ұсынды.
Осы уақытта «Білім берудегі инновация: ізденіс және тәжірибе» атты сабақтар шеруі өтті. Мектеп ұстаздары жаңа технологияларды пайдалана отырып сабақ жүргізді.

Форумға қатысушылар мектеп музейімен танысты. 2010 жылы ашылған мектеп мұражайы ауданның және мектеп-гимназиясының білім жүйесінің тарихынан сыр шертеді. Аталмыш мектеп музейінің ашылуына бірден-бір себепші болған ардагер ұстаз Клара Көбенқұлова жаңартылған мұражай жұмысына сәттілік тілеп, мектеп түлектерін бірлесіп жұмыс жасауға шақырды.

Жиын «Сан қыранды самғатқан, алтын ұя мектебім!» атты мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты. Салтанатты рәсімде аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан мектеп ұжымын 20 жылдық мерейтойымен құттықтап, аудан әкім Жанат Асантаевтың құттықтау хатын және сыйлығын табыс етті. Ауданның және мектеп-гимназиясының білім тарихында айшықты ізі қалған ардагер ұстаздарды аудан әкімінің алғыс хаты және естелік сыйлықтарымен марапаттады.

Өз кезегінде сөз алған облыстық білім басқармасының «Мектепке дейінгі жалпы орта білімді дамыту» бөлімінің басшысы Светлана Темірғалиева мектеп ұжымының алдағы жұмыстарына сәттілік тілей отырып, БҚО білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырованың алғыс хатын мектеп директоры Мираш Өтеғалиеваға табыс етті.

qaratobe 20 (1) qaratobe 20 (2) qaratobe 20 (5) qaratobe 20 (6) qaratobe 20 (7) qaratobe 20 (8)

Ажаргүл ӘЛИЕВА,
Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Instagram және Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале