5.07.2018, 15:30
Оқылды: 43

Қаратөбе музейіндегі мерекелік көрме                                       

 

Karatobe muzeyМұхит Мерәлиев атындағы Қаратөбе аудандық тарихи-өлкетану музейінде бас қала Астананың 20 жылдығына арналған мерекелік көрме тамашаланды.


 

Елорданың туған күніне орай көрме ұйымдастырып, екі күнге есігін айқара ашқан музейге ең алғаш болып Мұхит атындағы ЖОББМБ жанындағы лагерьде демалыстарын өткізіп жатқан мектептің 1-2 сынып оқушылары мен лагерь қызметкерлері келді.

Олар Астана қаласындағы көрікті әлеуметтік кешендердің, ғимараттар мен  зәулім ескерткіштердің, баршаны көркімен таңдандыратын көпшілік мәдени-демалыс кешендер және тағы да басқа келбеті жарасқан әсем орындардың сөрелердегі суреттерін көріп, мерекеге арналған бұрыштан Астана туралы мол мағлұмат алды.  Көрмені тамашалаушылар қатары жалғасуда.

Музейдегі  «Ашық есік» аясындағы мерекелік көрмені таныстырушы экскурсовод Дулат Темірболатұлы көрмеге келушілер тарапынан қойылған сауалдарға түсінік берді.

 

                                                                   Ерболат РАЙСОВ

                                                                   Қаратөбе ауданы  

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале