30.05.2018, 22:24
Оқылды: 115

«Қаратөбе өңірі» газетіне жаңа басшы тағайындалды

FB_IMG_1527700742416Бүгін Қаратөбе аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Сұлтан мен «Жайық Пресс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары Мейрамбек Рахматуллин «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе аудандық филиалы – «Қаратөбе өңірі» газетінің жаңа директор-редакторы болып тағайындалған Серікбай Хасановты ұжымға таныстырды.

Серікбай Жәлелұлы 1986 жылы 26 наурызда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2003-2006 жылдары Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педагогикалық колледжін, 2006-2009 жылдары Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша тәмамдаған.

С.Хасанов алғашқы еңбек жолын 2008-2010 жылдары Алакөл негізгі орта жалпы білім беретін мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі қызметінен бастаған. 2011 жылдың маусым айынан «Жайық Пресс» ЖШС Қаратөбе аудандық филиалы – "Қаратөбе өңірі" газетінің редакциясында фото-тілші, тілші, жауапты хатшы қызметтерінде болды. Жанұялы.
Халықты жедел ақпаратпен сусындатып, мемлекеттік ақпараттық саясатты толыққанды жүзеге асыруда елеулі еңбек етіп келе жатырған «Қаратөбе өңірі» газеті редакциясының ұжымына билiк пен халық арасындағы байланысты қамтамасыз етiп, жағымды жаңалықтардың жаршысы болуға тілектестіктерін жеткізген аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Кәрелұлы мен «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының орынбасары Мейрамбек Ғаділбекұлы бұған дейін директор-редактор қызметін абыройлы атқарып келген Ертай Бимұхановқа алғыстарын білдіріп, жаңа редактордың жұмысына сәттілік тіледі.

Райымбек АБАЕВ,
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале