27.11.2017, 16:03
Оқылды: 26

Қаратөбе өңірінде сот процесі жеделдетілмек

2Қаратөбе ауданында сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жөнінде дөңгелек үстел өтті.

Шарада сөз алған аудандық соттың төрайымы Бақытгүл Жәңгірова:

– 2017 жылдың он бір айында 18 қылмыстық іс түсті. Оның төртеуі сотқа дейінгі жеделдетілген тәртіппен түскен. Хаттамалық нысандағы істерді қоспағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тәртіппен аяқталуы мүмкін. Егер жиналған дәлелдемелермен қылмыс фактісі, оны жасаған адам өз кінәсін толық мойындағандығы, келтірілген залал мөлшерімен келіскендігі анықталса, сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру жүргізілуі мүмкін. Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тергеу он бес тәулік ішінде аяқталуға тиіс, - деді сот төрайымы.

Кезегінде сөз алған Қаратөбе ауданының прокурорының міндетін атқарушы С.Ниязбаев:

Қазіргі кезде аудандық прокуратурамен алты қылмыстық іс процестік келісім, төрт қылмыстық іс сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тергеу тәртіпте, 5 қылмыстық іс жалпы тәртіпте, бір қылмыстық іс хаттамалық жүйеде жіберіліп жолданды. Кейбір қылмыстық істер өзімізден қысқартылды,- дейді.

Дөңгелек үстел соңында аудандық сот төрайымы Бақытгүл Шабайқызы «Сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру» тәртіптегі сотқа жіберілген қылмыстық істерде қаулы салынбағандығын, алдағы уақытта қылмыстық іске салуды тапсырды.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале