20.12.2017, 17:57
Оқылды: 38

Қаратөбе спортшылары облыс біріншілігінен жүлделі оралды

 

Тəуелсіздік мерекесіне орай қол күресінен (армрестлинг) Орал қаласының №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық облыс біріншілігі өтті.

Аталған жарысқа Ақтөбе облысы, Казталов ауданы, Жəнібек ауданы, БҚАТУ, Тасқала ауданы, Орал газ, мұнай және салалық технологиялар колледжі, Сырым ауданы,  №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, Бөрлі ауданы, авиациялық спорт мектебі, Қаратөбе аудандарынан 170-ке жуық спортшы бақтарын сынап, жарыс көркін қыздырды.

Жарыс қорытындысында 2004-2007 жылы туған жасөспірім қыздар арасында 40 келі салмақта Айда Болат ІІ орын, Мәдина Қорғанова І орын алса, 50 келі салмақ дәрежесінде Ұлпан Сұлтанғалиева жүлделі ІІІ орын алды.

2004-2007 жылғы жасөспірім ұлдар арасында 35 келі салмақта Сейілхан Жарылғасымов ІІ орын иеленсе, Дияс Октябрь І орын иеленді. 40 келі салмақта Бекзат Есжанға ІІІ орын бұйырды. Ал 50 келі салмақта өнер көрсеткен Абылай Қожахметов І орынды қанжығасына байлады.

2000-2003 жылы туған  жасөспірім қыздар арасында 45 келі салмақта Лəйлə Аманқауыс ІІІ орынды місе тұтса, 50 келі салмақ дәрежесінде жарыс жолына шыққан Гүлмира Серікқалиева ІІ орынды иеленді.

2000-2003 жылғы жасөспірім ұлдар арасында 55 келі салмақта Али Шайжанов І орын алса, 60 келі салмақта Нұрсұлтан Беріковке ІІІ орын бұйрып, 65 келі салмақта І орынды алған Наурызбек Қуандықов жеңіс тұғырынан көрінді.

1997-1999  жылы туған  жастар арасында 55 келі салмақта Ержан Ерболат ІІ орынды иеленсе, 60 келі салмақта Айбек Қайыров І орын,  +70 келі салмақта Фархат Қалиевке ІІ орын бұйырып, аудан намысын қорғай барған спортшылардың мерейі үстем болды.

Райымбек АБАЕВ,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале