26.02.2020, 17:40
Оқылды: 142

Қаратөбе  халық экспедициясы эстафетасын Сырымға табыстады

Көршілес Қаратөбе ауданы  «Тұңғыш Президент жолымен» халық экспедициясы эстафетасын Сырым ауданына  табыстады. 

karatobe estafeta (6)

karatobe estafeta (7)

karatobe estafeta (8)

karatobe estafeta (1)

Алдымен қонақтар Қадыр ескерткішіне аялдап, Сырым ауданы әкімі Төлеген Төреғалиев пен Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев гүл шоқтарын қойды. Одан әрі шара бес диалогтық бағытта жалғасып, Қаратөбе ауданының әкімі Жанат Асантаев  өз  аудандарында 7 өзге ұлт өкілі тұратынын, олардың қоғамдық өмірге белсене қатысып жүргендігін айтып өтті.

karatobe estafeta (3)

karatobe estafeta (4)

karatobe estafeta (5)

Қаратөбеліктердің концерттік бағдарламасы Құрманғазының «Серпер» күйімен ашылды. Сырым ауданының халқы дәстүрлі ән өнерінің ордасы саналатын көрші аудан термешілерінің өнеріне тәнті болды. Әсіресе, Асхат Оразов пен Фархат Нұршаттың әндері көптің көңілінен шықса, «Керім-ай» халықтық ансамблінің өнеріне де зор ризашылықпен қол соқты. Өз кезегінде сырымдықтар атынан Қаратөбе ауданына ықылас гүлі табысталды.

                                                                                   Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале