28.11.2017, 17:10
Оқылды: 35

Қаратөбеде 14 пәтерлі тұрғын үй салу үшін инженерлік желі тартылуда

Қаратөбе ауданының аумағында 41 шақырымды құрайтын республикалық және 215,2 шақырым аудандық дәрежедегі жолдар бар. Биыл жол жөндеу жұмыстары жоспарға сай жүргізілген болса, бүгінде ұзындығы 9,2 шақырымды құрайтын 11 көше жолдарын қайта жөндеуге жобалық сметалық құжаттар жасақталуда.

Биылғы жылы аудан орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасымен 8 бір пәтерлі тұрғын үй, 14 коммуналдық тұрғын үй салу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар 14 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй салу мақсатында инженерлік желілер тартылуда.      

Аудандағы 22 елді мекеннің оны орталықтандырылған таза ауыз сумен қамтылған. Ал он елді мекен орталықтандырылмаған ауыз сумен қамтылған болса, Үшағаш және Үшана елді мекендеріне ауыз су тасымалдануда. Қазіргі таңда Шөптікөл, Үшағаш, Соналы, Сулыкөл, Үшана елді мекендеріне таза ауыз су тарту мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Бұл елді мекендер таза ауыз сумен қамтылған жағдайда ауданның орталықтандырылған ауыз сумен қамтылу көрсеткіші 90 пайызға жетпек, - дейді  өңірлік Коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингке қатысқан аудан әкімі Жанат Асантаев.

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

«Орал өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале