5.06.2018, 14:39
Оқылды: 20

Қаратөбеде 142 түлек тестілеуге қатысуға өтініш білдірген

Қаратөбе ауданында орналасқан №846 ҰБТ өткізу пунктінде түлектер үшін сынама тест өткізілді.

Қаратөбе ауданы бойынша 176  түлек мектеп бітіріп отыр. Соның 142-сі тестілеуге қатысуға өтініш білдірген. Бұл бітіруші түлектердің  80,68 пайызын құрайды.

Түлектер 20 маусымда Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің базасында екі аудиторияда сынақ тапсырмақшы.

Аудан бойынша мектеп бітіруші түлектер арасында «Алтын белгіге» жеті, «Үздік аттестатқа» алты түлек үміткер екен.

4 маусым күні алтыншы мәрте сынама тест тапсырған қаратөбелік түлектер тест қорытындысы бойынша орташа 93,89 балл көрсеткішіне қол жеткізді.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА,

Қаратөбе ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале