10.05.2017, 15:35
Оқылды: 33

Қаратөбеде «1945 жылдың көктемі» театрландырылған көрінісі қойылды

Қаратөбеліктер Ұлы Жеңістің 72 жылдық мерекесін кеңінен атап өтті. Орталық саябаққа жиналған жұртшылық «Мәңгілік алау» мемориалдық ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.


Майдан даласынан оралмаған боздақтарды бір минут үнсіздікпен еске алған аудан тұрғындары мен қонақтары олардың жанқиярлық ерліктеріне тағзым етті. Мерекелік шеруге аудан әкімі Асхат Шахаров, Ұлы Отан соғысының ардагері Құрманғали Ысқақов, мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары мен жастар қатысты.

Мерекелік шараға жиналған аудан жұртшылығына аудандық мәдени-демалыс орталығының және білім беру саласы қызметкерлерінің дайындаған «1945 жылдың көктемі» атты театрландырылған көрінісі ұсынылды.
Көрініске қатысушылар жауынгерлерді майданға шығарып салу, ұрыс даласындағы шайқас, тыл еңбеккерлерінің қажырлы еңбегі, майдангер батырлардың, жаралы жауынгерлердің елге жеңіспен оралу сәттерін сахналап берді.

Серікбай ХАСАНОВ,
Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале