12.04.2019, 18:22
Оқылды: 42

Қаратөбеде 202 адам тұрғын үй кезегінде тұр

Бүгін «Нұр Отан» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жанат Асантаев қоғамдық қабылдау өткізді.

 IMG_4405

Қоғамдық қабылдауға  «Нұр Отан» аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Оразов пен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен жұмыспен қамту орталығының басшылары, аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы, Сулыкөл ауылдық округінің әкімі қатысты.

Қабылдауда болған Төлен ауылының тұрғыны Жансұлу Жалелова баспана мәселесін шешуді сұрап келіпті.

Партиядан қолдау күтіп, жағдайын айтып келген зейнеткердің төрт баласы бар. Кіші ұлының қолында тұратын ана аудан орталығынан баспана қажет екендігін жеткізді.

Зейнеткердің мәселесі бойынша аудан әкімі жауап беріп, алдымен тұрғын үй кезегіне тұру қажеттігін және тұрғын үй алудың басқа да ережелерін айтып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Аслан Даубаевқа арнайы тапсырма берді.

         Айта кету керек, аталған бөлімінің мәліметін сәйкес қазіргі таңда ауданда 202 адам тұрғын үй кезегінде тұр.

Ажаргүл Әлиева,

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале