8.02.2019, 11:51
Оқылды: 17

Қаратөбеде 23 тонна қой еті, 64 тонна сиыр еті экспортталған

Қаратөбе ауданы әкімі Жанат Асантаев 2018 жылғы аудан бойынша атқарған жұмысы туралы аудан тұрғындарына баяндауда. Есеп беру жиынына облыс әкімінің орынбасары Ғали Есқалиев, облыстық басқарма басшылары, ауылдық округ әкімдері қатысуда.

 qaratobe (6)

Қаратөбе ауданының 14 шаруашылығында 3212 асыл тұқымды ірі қара, 2 шаруашылықта 98 бас асыл тұқымды жылқы, 2 шаруашылықта 1 354 бас асыл тұқымды қой өсірілуде.

-Аудан шаруашылықтары өз қаражаты және қаржылық институттардың қаражаты есебінен 379 бас асыл тұқымды ірі қара, 117 бас асыл тұқымды қой, 24 бас асыл тұқымды жылқы сатып алған.

qaratobe (9)

Жалпы, 2018 жылы шаруа қожалықтары ісін жандандыруға 322 млн. теңге инвестиция салып, мемлекет тарапынан 200 млн. 700 мың теңге субсидияға ие болды.

Тағы бір айта кетерлігі, былтыр аудан шаруашылықтары алғаш рет шетелге ет экспорттау мүмкіндігіне ие болды. Бұл Орал қаласындағы «Кублей» ет өңдеу кәсіпорны мен «Қоржын» мал сою пункті арасында жасалған меморандум арқылы жүзеге асты. Былтыр ауданнан 23 тонна қой еті, 64 тонна сиыр еті экспортталды,- деді Жанат Асылханұлы.

Сонымен бірге қазіргі таңда «Бизнестің жол картасы-2020», «Еңбек», Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары бойынша кәсіпкерлік субъектілеріне несиелер, гранттар беріліп, жан-жақты көмек көрсетілуде. «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы шеңберінде ауданның екі кәсіпкері токарьлық цех ашу және биогумус жобасымен 3,7 млн. теңге көлемінде мемлекеттік грант алып, жұмыстануда.

qaratobe (4)

Ажаргүл Әлиева,

суретке түсірген Райымбек Абаев

Қаратөбе ауданы

 

© zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале