28.07.2017, 16:40
Оқылды: 61

Қаратөбеде «Ақ бидай» спорттық ойындары басталды

Қаратөбе ауданында  «Ақ бидай» аудандық VI ауыл спорты ойындары бойынша командалар арасында жарыс басталды. Спорттық ойындардың сегіз түрінен өтіп жатқан сайысқа аудан бойынша 7 команда қатысуда.


Айтулы доданың  ашылу  салтанатында  Қаратөбе аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мербол Есендосов құттықтау сөз сөйлеп жарысқа қатысушы спортшыларға толайым табыстар тіледі.

Салауатты өмір салтын насихаттау, үздік спортшыларды анықтау, ауыл спорты ойындарын ұйымдастыру арқылы ауылдық жерлерде ұлттық және бұқаралық спортты дамытуды мақсат еткен  «Ақ бидай» аудандық VI ауыл спорты ойындары түрлері  қазақ күресі, волейбол, шағын футбол, қол күресі, гір тасын көтеру, тоғызқұмалақ және жазғы президенттік көпсайыстан аудан бойынша 7 команда қатысып, бақ сынауда.

 

                                                                                  Ерболат  РАЙСОВ,

                                                                                  Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале