23.09.2019, 13:25
Оқылды: 53

Қаратөбеде аналар сынға түсті

Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде «Асыл ана» көп балалы аналар байқауы мәреге жетті.

IMG_2512

Байқауға 23-39 жас аралығындағы 7 ана қатысты.

IMG_2532

Өнер сайысында аналар «Әйел – үйдің ырысы» кезеңінде өздерін таныстырып, «Ине-жіптен игілік иірермін» кезеңінде өздерінің қолдарынан шыққан қолөнер бұйымдарын көрсетті. Үшінші «Ата салтым – тәлімді ой сынағым» кезеңінде қазақтың салт-дәстүрлеріне, наным-сенімдеріне байланысты сұрақтарға жауап берсе, «Өнер менің өмірімде» кезеңінде бесік жырын айтып сынға түсті. Соңғы кезең «Әсем киім – әйел көркі» кезеңінде заман талғамына сай ұлттық нақыштағы жұмыс киімі үлгілерін көрсетті.

IMG_2542

Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені жусандыойлық Кәмшат Олжатаева жеңіп алып, облыстық кезеңіне жолдама алды. Ал І орын қоскөлдік Үзілдік Бөлекбаеваға, ІІ орын Қаракөлден келген Гаухар Айдароваға, ІІІ орын сулыкөлдік Венера Ербөлековаға бұйырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер диплом мен бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тоты Есқайырова

Қаратөбе ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале