5.02.2018, 16:36
Оқылды: 84

Қаратөбеде ашық есік күні өтті

Қаратөбе ауданы әкімі Жанат Асантаевтың қатысуымен ашық есік күні өтті.

Оған аудан прокуроры Ғалымбек Мұхитов, аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрболат Тоғызбаев және аудан орталығындағы мекемелер басшылары қатысып, аудан тұрғындарын қабылдады.

Қабылдауда болған аудан тұрғындары көкейінде жүрген өтініштерін айтып, мекемелер басшыларынан тиісті жауаптарын алды.
Қабылдауда болғандардың негізі жұмысқа орналасу, кәсіптік білім алу, тұрғын үйіне көгілдір отын кіргізуге ықппал ету, шағын кәсіпкерлікті дамыту аясында қайтарымсыз несие алу бойынша өтініштерін айтты.

«Ашық әкімдік» халыққа есеп беретін ашық үкіметті құру мақсатында жүзеге асырылып отыр. Осы тапсырманы жүзеге асыру үшін қабылданған іс-шараларға сәйкес мемлекеттік мекемелер айлық, жылдық есептерін, түрлі құжаттарды ресми вебсайттарына орналастырып, немесе әлеуметтік желілер арқылы халық назарына ұсынуда. Осы арқылы халық мекемелер жұмысына бақылау жасап отыра алады.

Сонымен қатар ашық ақпараттар толығымен «Ашық деректер», барлық қаулы жобалары «Ашық нормативті құқықтық актілер», ал шоғырландырылған бюджеттік есептер мен бюджет жобалары «Ашық бюджет» порталдарында жариялануда. Бір сөзбен айтқанда, мемлекет кез-келген ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етуде», – дейді аудан әкімі аппаратының жалпы бөлім меңгерушісі Асланбек Серікұлы.

Ерболат РАЙСОВ,
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале